Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаев пен Динар Нөкетаева 6-8 маусымда Вильнюстегі Әйел көшбасшылардың саммитіне қатысты. Жыл сайынғы форумға әлемнің 90-нан астам елінен 300-ден астам саясаткер, парламентші әйелдер, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
«Уақыт келді: Іске кірісу үшін 100 себеп» ұранымен өткізілген шара әйелдердің жаһандық саясат пен экономикаға теңдей қатысу мәселелеріне арналды. Саммитке қатысушылар әйелдерді мемлекеттік істерге белсенді түрде тарту, қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен экономикалық қана емес, әлеуметтік дамуды қамтамасыз етудің келешегін талқылады. Сонымен қатар күн тәртібіне халықаралық қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, халық денсаулығын сақтау мәселелері енгізілді.