Инвестициялар және даму министрлігінде облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерін өңірлік жоспарлармен көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) құралдандыру және толық масштабты техникалық түгендеу жөніндегі тыңдау аяқтады. Аталған жұмыс ТКШ саласындағы бірыңғай интелектуалдық ақпараттық жүйені одан әрі енгізу мақсатымен жүргізілді.
Тыңдаудың нәтижесінде 16 Жол картасына қол қойылды. Осыған сәйкес 16 аймақтағы 190 қанатқақты үйлерде, ол шамамен 15 мың пәтер, жалпы үйлік жылуды, суды және электрді есептеу құралдары (ЖҮҚ) орнатылатын болады. ЖҮҚ тұтынушыларға нақты қолданған ресурстар үшін ғана төлеу мүмкіндігін береді.
Айта кетерлік жәйт, мұндай жылуды есептеу құралы тұрғындарға жылуды тұтынудағы шығынын 36% үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, терможаңғырту мен автоматтандырылған жылу түйінін (АЖТ) орнату элементтері бар КТҮ күрделі жөндеу жұмысын жүргізу арқылы сыртқы ауаның температурасына байланысты жылуды тұтынуды реттеу мүмкіндігімен, шығыстарды 60% дейін төмендетуге болады.
Қанатқақты режимде жарақтандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен бірге, бұдан әрі жоспарда кварталдарды, аялдамаларды, паркингтерді «ақылды» бағдаршамдармен, көше жарықтарымен жарақтандыру, «ақылды» көлікті жүргізу, ойын алаңдарында және көшеде бейнебақылау орнату мен басқа да жаңалықтарды енгізу жоспарланып отыр.
Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін, «ақылды» кварталдарды E-SHANYRAQ жұмыс атауы бірыңғай интеллектуалдық ақпараттық жүйелерге қосу жоспарлануда. Қазіргі кезде бұл жоба бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірлескен жұмысты атқарып отыр. Сондай-ақ, жүйеге 51 табиғи монополиялар субъектісі мен 25 ПИК қосылатын болады. Пилоттық үйлерде мұндай жобаны іске асыру жүйенің барлық тұтынушыларына оның мүмкіндіктерін бағалау және оның тиімділігіне тексеру мүмкіндігін береді.
КТҮ құралдандыру және түгендеу бойынша жұмыстар КТҮ саны мен жағдайы туралы нақты деректердің болмауына байланысты, оларды әртүрлі стандарттарда жұмыс істейтін орталықтандырылмаған құралдарды сатып алу арқылы есептеу құралдарымен жарақтандыру басталды. Жалпы ТКШ цифрландыруға байланысты, айта кетер жәйт, Қазақстандағы осы салада ақпараттық ресурстарға бірыңғай әдіс қарастырылмаған. Қазіргі уақытта, ҚР ИДМ «Тұрғын үй қатынастары» Заңына түзетулерді енгізуді қарастыруда, оған инфрақұрылымдық-тұрғын үй-кешенінің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау туралы нормасы, сонымен бірге қажетті талаптар мен нормативтер қосылатын болады.
«Осылайша, коммуналдық желілерді цифрландыру есептеу құралдарының көрсеткіштерін автоматты жинауға жол ашады. Бұл адами факторды жояды және есеп-шоттарды қою кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді. Үйлерді басқарудың онлайн-жүйесі басқарушы компаниялардың (ПИК) операциялық қызметін ашық жүргізу мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің жоспарлы цифрландыруы олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және энергия ресурстарын өндіру мен тұтыну балансын жақсартады. Барлық осы деректер бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйенің негізін құрайды», - дейді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов.
Естеріңізге сала кетелік, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалық етуімен ТКШ цифрландыру бойынша отырыстар жүргізіліп, ҚР инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің негізгі бағыттарын дамыту талқыланған болатын.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарына КТҮ құралдандыру бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеудің, тұрғын үй қорын және орнатылған есептеу құралдарын, қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен ресурстарды түгендеуді жүргізу мәселелерін пысықтау, сонымен бірге саланы дамытудың негізгі индикаторларын цифрландыру және құралдандыру бойынша өңірлік Жол картасын әзірлеу тапсырылған болатын.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ