• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Маусым, 2018

Акира Мурата, жапон суретшісі: «Астана мен Токио ұқсас екен...»

388 рет
көрсетілді

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық «Нұр келбетті Астана» атты көркемсурет фестивалі ұйымдастырылмақ. Соның қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз мәслихатын өткізді.

Конференцияға Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, бас ұйымдастырушы Сұлтан Сраилов, британиялық суретші Александра Коннор мен жапониялық қылқалам шебері Акира Мурата қатысты.

«Бұл іс-шараға АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Корея, Жапония, Еуропа елдерінен 250 суретші өздерінің туындыларын ұсынды. Соның ішінен 20 суретші ғана таңдалып алынды. Маусымның 5 күні суретшілер Астанаға келіп, 6-сы күні қаламыздың көркем жерлерін аралады» , - деді, жоба авторы Сәбит Әбдіхалықов.

Суретшілер елорда жазының шуақты күндерінде қаламыздың көрікті жерлерін, архитектуралық ғимараттарын, өнер, білім, мәдениет ошақтарын және көрінісі көз тартатын ғажап табиғат аясын бейнелеуді бастап кетті. Қазір Астана әкімдігінің маңайын 1 суретші, Есіл өзенінің жағасын 2 суретші қағаз бетіне түсіру үстінде. Мысалы, Италия мен Корея батыс және шығыс стилі боп екіге бөлінгендіктен Астананы басқа қырларынан көрсетпек.

Британиядан келген шебер суретші Александра Коннор: «Мен Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Қаланың әсемдігі мені таңғалдырды. Маған оң жағалау қатты ұнады. Сондықтан ақ ағазға бейнелеп жатырмын. Ал оған дейін бүркіт ұстап тұрған ер адамның суретін салдым» десе,  Токиодағы «Vasenoir» жеке галереясының иегері, NDS Japan Fashion Illustration байқауының жеңімпазы Акира Мурата; « Астана мен Токио ұқсас екен. Мен Астанаға ғашық болдым» деп сөзін қысқа қайырды.

Іс-шара  12 маусым қорытындыланып, нәтижесінде көркемсурет туындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорына табысталатын болады.

Азамат МӘУЛЕНҰЛЫ