Кеше Астанада Байланыс және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері мен БАҚ-тардың жаңа жағдайдағы өзара байланыстары: сынақтар мен реакциялар» деген тақырыпта семинар болып өтті.
Оның мақсаты мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері мен БАҚ-тардың қазіргі жағдайдағы өзара жұмысындағы тиімділік пен оперативтілікті арттыру болып табылады.
Семинарда Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев құттықтау сөз сөйледі.
Жиында құқық қорғау органдары мен БАҚ-тардың төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылдарының практикалық мәселелері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің БАҚ-тармен байланысының негізгі аспектілері, телеканалдардың оперативтілігін арттырудағы проблемалар мен мүмкіндіктер, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер жан-жақты әңгіме арқауына айналды.
«Егемен-ақпарат».