• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2011

Жиырма отбасындағы қуаныш

292 рет
көрсетілді

Ел мерейтойы қарса­ңын­да жан жадыратқан жаңа­лық­тардың бірі – Қытай елімен экономикалық байла­ныс­ты жалғастырған «Дос­тық – Алашаңқай» шойын жолы өтетін Достық кентіндегі кеденшілер қуанышы деуге болады. «Достық» кеденіне басқа өңірлерден қызмет ауыс­тыр­ғандар мен бұған дейін баспанаға зәру отбасылары қыс қаһары күшіне енген осы күндері жылы пәтер­лердің кілтін алды. Көп қабатты жиырма пә­терден тұратын үйдің құры­лысын «НМС» компаниясы барлық талаптарға сай са­па­лы аяқтап, пайдалануға берді. Жаңа баспананы иеленгендер қата­рын­да жас мамандар және басқа да өз ісінің кәсіби шеберлері бар. Кеденшілер қалашығы уа­қыт өткен сайын сәулеттеніп, қанатын кеңге жаюда. Пай­да­лануға берілген үйлердің жер­тө­лесінде тұрғындардың сала­мат­ты өмір салтын қалып­тастыруына арналған жат­ты­ғу залы жасақталған. Бала­лардың ойын алаңы да ау­лаға сән беріп, бүлдіршіндер қызығы­мен толыққан. Тәуелсіздік мерекесін жаңа шаңырақта қарсы ал­ған­дардың көңіл-күйлері де көтеріңкі. Демек, бұл олар­дың қызметтегі табысты ең­бе­гіне барлық жағдай жа­салғанының дәлелі. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.