Кеше өңір басшысы Бердібек Сапарбаев іссапармен Үржар ауданында болды. Өңір басшысымен бірге Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев, Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы төтенше және өкілетті елшісі Анарбек Қарашев болып, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында бірқатар ғимараттардың салтанатты жағдайда ашылуына қатысып, жерлестер қуанышына ортақтасты.
«Құлагер» ұн комбинаты тәулігіне 60 тонна ұн тартып шығарады. Оған тапсырыс беруші Талғат Қарашев деген іскер азамат. Ал Көлденең ауылында 70 миллион теңгеге салынған спорт модулі де әсем әрі сапалы. Мұнда грек-рим күресі, шаңғы, волейбол үйірмелері жұмыс істемек.
Үржарлық спортшылар О. Яцкая, А. Кебісбаев, тағы басқалар ел намысын абыроймен қорғауда. Б.Сапарбаев, пен Т. Ермегияев жиналғандарды мерейтоймен құттықтады. Облыс әкімі бір топ үржарлықтарға Тәуелсіздіктің мерекелік медальдарын тапсырды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
Шығыс Қазақстан облысы.