• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

«Тәуелсіздікке тағзым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

305 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің рек­торы Ерлан  Сыдықовтың баста­ма­­сымен «Тәуелсіз­діктің 20 шы­ңы – 20 жұлдызды күн» бағдар­ламасы аясында  журналистика және саясаттану факультеті студенттер арасында «Тә­уелсіздікке тағзым» атты шы­ғармашылық байқау ұйым­­дас­тырған болатын. Байқау­дың қоры­тынды мерекелік шара­сы кеше журналистика және саясаттану факультетінің акт за­лында өтті. Факультет студенттері әннен шашу шашып, күм­бірлетіп күй төкті. Өлең оқып, көрер­мендерді өнерлерімен тәнті етті. Жеңімпаз студенттерді мара­пат­таудың кезі келгенде журналистика және саясаттану фа­культетінің де­каны Қайрат Сақ көпшілік қауым­ды Тәуел­сіз­дігі­міздің 20 жылдық мерекесімен құттықтап, жүрекжар­ды тілегін білдірді. Осы шығарма­шылық байқауды ұйымдастыруға өз үле­сін қосқаны үшін бұқаралық ақпарат құралдарына алғысын жеткізді. Алпыстан астам студенттің шығармасы қабылданған байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлық­тар мен дипломдарды еліміздің жетекші БАҚ өкілдері табыстады. Атап айтсақ, жеңімпаздарға “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамының вице-президенті Еркін Қыдыр Құрманғазы Жұмағұлұлына, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Татьяна Костина Зарина Сейфуллинаға, «Астана» жур­налының бас редакторы Мақсат Тәж-Мұрат Айдана Үсенбайға, «Нұр Астана» газетінің бас ре­дакторы Ғабит Мүсіреп Ақтолыс Айтбозымға және «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар ди­рек­­циясының директоры Жанұзақ Мүсәпір Айғаным Ибраеваға, «Ха­лық сөзі» газетінің бас ре­дакторы Қуат Әуесбай Мадияр Ишанбековке арнайы жүлделері мен стипендияларын табыстаса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының «Медиа» ор­талығының бас директоры Алмас Садубаев Сәуле Темірбаева, Ол­жас Беркінбаев және Әсем Қо­нысбектегіне,  «Ел» газетінің бас редакторы Динара Дауыл­байқызы Нұрсұлтан Мықтыбайға, «Астана ақшамы» газетінің шо­лушысы Айгүл Уайсова Іңкәр Түлебае­ваға, «Астана» радиосы­ның шеф редакторы Жанетта Садуақас Роза Ысқаққа ақшалай және бағалы сыйлықтарын тапсырды. Сондай-ақ республикалық  «Тұ­мар» журналы факультеті­міз­дің 4-курс студенттері әрі «Тұ­мардың» белсенді авторлары Жасұланбек Майлыбай мен Абзал Қалиевке ақша­лай сыйлық та­ғайындағаны хабарланды. Осы мерекелік шарада Ау­ған-­стан соғысы ардагерлері ұй­ым­дары қауымдастығы тарапы­нан журналистика және саясаттану факульте­тінің аға оқыту­шысы, «Еуразия-ақпарат» орта­лығының директоры Кенже Жұ­мағұлов Бауыржан Мо­мыш­ұлы атындағы «Батыр шапа­ғаты» медалімен ма­рапатталды. Эльмира ЕРІКҚЫЗЫ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.