«Егемен Қазақстанның» арнайы жобасы: Жасампаздық жемістері
Жиырма жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Егемен Қазақстан» газеті осындай өркенді өзгерістерді бейнелейтін материалдарды тұрақты жариялап тұрады. Төменде еліміздегі көліктік медицина тынысына арналған фоторепортаж беріліп отыр. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халыққа, әсіресе, елдің шалғай және баруға қиын өңірлеріндегі ауыл халқына медициналық жәрдемнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көліктік медицинаны дамыту жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 4,3 миллиард теңгеге заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадаларымен жасақталған 50 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) сатып алу қарастырылған. Қазіргі күні ЖМК-ны 2011 жылдың соңына дейін жеткізіп беру үшін конкурстық процедуралар өткізілді. Бүгінде ЖМК-ның медициналық бақылауымен 98324 адам қамтылып, 68816 диагностикалық зерттеулер, 46078 зертханалық зерттеулер жүргізілді және салалық мамандар тарапынан 86226 консультациялар өткізілді. Санитарлық авиацияны дамыту қозғалыс қауіпсіздігінің бірқатар проблемаларын шешуге және республикалық, сонымен бірге облыстық мақсаттағы күрежолдарда жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге уақытылы медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі «Санитарлық авиация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы туралы» №199 бұйрығымен 2011 жылдың шілде айынан 268 ұшу ұйымдастырылып, дәрігер-реаниматологтардың, хирургтердің, урологтардың, акушер-гинекологтардың және педиатрлардың қатысуымен 115 консультациялар өткізілді. Сонымен бірге, 25 жағдайда жергілікті орында медициналық жәрдем (операция жасау) көрсетілді. Мемлекет басшысының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауына сәйкес 2011-2015 жылдары санитарлық авиация мұқтаждары үшін 16 тікұшақ сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта «Ка-32А11ВС» үлгісіндегі 2 тікұшақты, «ЕС-145» үлгісіндегі 4 тікұшақты және «ЕС-145» тікұшағын сақтау және техникалық қызмет көрсету үшін қажет ангар жеткізіп беру жөнінде келісім-шарт жасалды. 2011-2015 жылдары автожолдардың неғұрлым апаттық қауіпті деген учаскелерінде 40 күрежолдық медициналық-құтқару пункттерін құру жоспарланып отыр. 2011 жылы олардың 6-уы, 2012 жылы – 6-уы және 2014-2015 жылдары 14-і құрылатын болады. Күрежолдық медициналық-құтқару пункттерін құруға 2011 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 378,5 миллион теңге ақшалай қаржы қарастырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің жоспарлы жұмыстарына сәйкес 2011 жылы «Денсаулық» және «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойыздары Батыс және Оңтүстік өңірлер халқына медициналық жәрдем көрсетті. Аталған пойыздар 91 стансада медициналық жәрдем көрсетіп, 40131 адамның, олардың ішінде 11744 баланың денсаулықтарын қарады. Дәрігерлік қараулар саны 220096-ны құрады. 144427 диагностикалық тексерулер жүргізілді (ішкі органдарды УЗИ-тексерулер – 40777, спирография – 729, бас миын эхоэнцефалогиялық және ультрадыбысты допплерографиялау – 4576, электрокардиография – 9733, көз іші қысымын өлшеу – 9610, рентгендік тексеру – 9414, эзофагогастродуоденоскопия – 2362, клиникалық-биохимиялық талдау – 67233), 190 шағын амбулаториялық операциялар жасалды. Маммологтар 5340 әйелді қарап, 10114 тұрғынға стоматологиялық жәрдем көрсетілді. Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауына сәйкес үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде үшінші консультациялық-диагностикалық «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығып, оған Денсаулық сақтау министрлігі жалпы сомасы 47330,0 миллион теңге болатын 122298 консультативтік-диагностикалық қызметке қолдау көрсетті. Үшінші консультациялық-диагностикалық «Саламатты Қазақстан» пойызы 2011 жылдың 26 қыркүйегі мен 30 қарашасы арасында жолға шығып, республиканың Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының тұрғындарына медициналық жәрдем көрсетті. 60 күннің қорытындысында «Саламатты Қазақстан» пойызы 3,4,5 кластағы 30 стансада және оларға жақын елді мекендердегі халыққа медициналық қызметтер көрсетті, дәрігерлер 12353 адамды, оның ішінде 3492 баланы қарады. Дәрігерлердің қарау саны 38528-ді құрады. 20092 диагностикалық процедуралар өткізілді (ішкі органдарды ультрадыбысты тексеру – 5882, спирография – 147, бас миын эхоэнцефалогиялық және ультрадыбысты допплерографиялау – 2630, электрокардиография – 3079, көз іші қысымын өлшеу – 2506, рентгендік тексеру – 710, эзофагогастродуоденоскопия – 337, клиникалық-биохимиялық талдау – 480), 44 шағын амбулаториялық операциялар жасалды. Маммологтар 1186 әйелді қарады. Стоматологтар 3192 тұрғынға жәрдем көрсетті. Төтенше жағдайлар министрлігі 2012 жылдың қаңтарынан бастап консультативтік-диагностикалық «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарымен халыққа медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жалғастырады. Жоспарланған медициналық қызметтер саны – 517056. Аталған қызметке қажетті шығындар республикалық бюджеттен бөлінетін болады.Арнайы бетті дайындаған, Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».