• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Мен елімнің патриотымын

460 рет
көрсетілді

Осындай жалынды ұранмен облыс орталығындағы «Астана» мұз сарайында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» жобасы шеңберінде «Болашақ өз қо­лы­мызда!» атты жастар форумы болып өтті. Тәуелсіздік құрдастарына құр­мет көрсетілді. Сонымен бірге, елімізде құрылған бірлестіктер, балалар мен жасөспірімдердің «Жас ұлан» ұйымына алғашқы рет салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Форумға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, жас­тарға тілек білдірді. Мұз ай­дыны алаңына еліміздің намысын талай байрақты бәсекелерде абы­роймен қорғап жүрген спорт­­шы­лар шықты. Бұдан кейін мерекелік шеруді ғылым, білім, өнер салаларының үздіктері жалғастырды. Облыс жас­тары, мектеп оқушылары ха­лықаралық олимпиадаларда 17 алтын, 26 күміс, 23 қола медаль­дарды жеңіп алды. Өнерлі Мария Мудряктың орны бөлек. Бұл ретте, жиналғандар назарына Ита­лия­ның Ла Скала академиясының студенті М.Мудряктың құрлық асып жеткен бейнесәлемдемесі тікелей эфир арқылы берілді. «Біз тәуелсіз, жас мемлекетімізбен қашанда мақтануымыз қажет. Еліміздің жетістіктерін көргенде бойымды туған еліме, жеріме деген ерекше қуаныш сезімі билейді. Осы ретте, жастардың қанатын шыңдап, қолдау көрсетіп, арма­ны­мыздың орындалуына мүмкін­дік жасап отырған Елбасына ал­ғысымды білдіремін. Өзіме ар­тыл­ған сенімді ақтаймын. Себебі, мен – қазақстандықпын!», – деді өз сәлемдемесінде Маша. Сондай-ақ, шара барысында «Дипломмен – ауылға!», «Ауыл­дың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі!» сияқты бағдарлама­лар­дың орындалу барысы, студенттік құрылыс және жастар жасақ­тарының үшінші еңбек маусымы­ның қорытындылар шығарылды. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының командирлері, белсенділері облыс әкімінің атынан бағалы сый­лық­тармен марапатталды. Еңбек жа­сағының үздік сарбазы «Нива» автокөлігіне ие болды. Форум со­ңында «Ұлытау», «Орда» топтары мен жерлестеріміз Ринат Малцагов пен Жанар Доғалова өнер көрсетті. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.