• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Миссия байқаушыларымен кездесті

320 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия басшылығы Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Де­мо­кратиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссиясы негізгі тобының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының бірінші орынбасары Даглас Брюс Уэйс бастап келген байқаушылармен кездесті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкіл­дерін сайлау науқанының барысымен таныстырып өтті және бұл ретте саяси партиялар ұсынған пар­тиялық тізімдерді тіркеу, сайлау үдерісіне қатысу­шы­лар мен сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуды ұйымдастыру, сайлау науқанына ақпараттық қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Орт­сай­лау­ком басшысы кездесуге қатысушыларды республика мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ұс­ыну барысы туралы қысқаша хабардар етті. Қуандық Тұрғанқұлов әрі қарай Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2011 жылғы 3 сәу­ірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сай­лауын байқау қорытындылары бойынша ұсыным­дарын іске асыру жөнінде бірқатар қаулылар қабыл­дағанын атап өтті. Атап айтқанда, азаматтардың өті­ніш­тері мен шағымдарын қарау рәсіміне қатысты қау­лы қабылданды. Жүйелі сипаттағы және сайлауға әсер ете алатын шағымдар ОСК-ның отырыстарында қа­ра­латын болады. «Біз сайлаудың айқын және ашық, сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуіне күш салатын боламыз», – деді Ортсайлауком төрағасы. Ал ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы делегациясының басшысы өз кезегінде сайлауды байқауға шақыр­ған­да­ры үшін ризашылығын білдірді және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен ара­да­ғы ынтымақтастықты ескере отырып, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстанға толыққанды миссия жолдауды ұйғарғанын атап өтті. «Біз мәслихаттар сайлауын оның Мәжіліс сайлауына жасайтын ықпалына қа­тысты ғана байқайтын боламыз. Мәслихат депутат­та­рының сайлауына да біздің қызығушылығымыз бар. Өйткені, ол Қазақстандағы саяси үдерістердің белсенділігін көрсетеді», – деді Уэйс мырза. Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы негізгі тобының 15 халықаралық байқаушысының келгеніне, 15 желтоқсанда тағы 28 сарапшының келетініне және олардың елдің барлық өңір­леріне жіберілетініне тоқталды. Сайлау күні қар­саңында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 400-дей қысқа мерзімді байқаушылары келетін болады. «Сайлау қорытын­ды­лары бойынша біз екі аралық есеп ұсынатын бол­а­мыз, ал қорытынды есеп сайлау өткен соң 2 ай мерзім ішінде беріледі. Одан әрі біздің ұсыныста­ры­мыздың зерделенуі мен іске асырылуы тұрғысында ынтымақтаса жұмыс істейтін боламыз, өйткені, ешбір елде мінсіз сайлау болмайды», – деп атап өтті ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының орынбасары. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі қалыптасқан ынтымақтастық пен тілектестік қарым-қатынастар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында да жалғасын табатынына сенім білдірді.