• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Маңызды іске мән беріп

290 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік орнап, экономикамыз өркендеп, өміріміз мәнді де сәнді бола түсуде. Бұл орайда, түрлі салада да айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Алар асу әлі алда. Қаржы саясатын бұлжытпай орындау да маңызды. Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан хал­қына арнаған биылғы Жолдауында: «Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару сая­сатының ма­ңыз­ды құралы болуы керек және эко­но­микамыздың жаңа салала­рын әртарап­тан­дыру мен дамытуды ын­таландыру ар­қылы, бұл салаларға шетел капиталын тарту мақсатында икемді салық және бюд­жет саясатын пайдалану маңызды» − деп атап көрсетілді. Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай және салық саясатындағы жүзеге асырып жатқан іс-шараларын насихаттау, салық төлеушілердің ара­сында «салық мәдениетін» қа­лып­тас­тыру, әр­­­­бір тұл­ғаның са­­лық төлеуге деген азаматтық бо­­ры­шын арт­­ты­­руда Астана қа­ла­сының Ұлт­­­тық акаде­мия­лық кі­­­тапха­на­сында «Қа­­­зақ­стан Рес­пуб­ли­касының салық саясаты» тақырыбында «Тұран-Астана» универ­ситетінің аға оқытушысы, эко­но­мика ғы­лымдарының кандидаты, «Салық және салық салу» оқулығының авторы Ғалым­жан Керімбек тағылымды дәріс оқыды. Кітапхана оқырмандары мен «Тұран-Астана» университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси­­тетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің жә­не тағы басқа оқу орындарының студенттері көтерілген мәселені кеңінен талқылауға өз үлестерін қосты. Аталған оқу орындарынан дәріске қатысқан оқы­тушы-ғалымдар жалпы дәріс және «Са­лық және салық салу» оқулығы бойынша өз көзқарастарын білдірді. Жалпы ал­ғанда бұл жиын тәлімді болды. Сапия ТӘЖІКЕНОВА, «Тұран-Астана» университеті экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты.