• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2018

Қиын сәтте «Туристік Қамқор» көмектеседі

660 рет
көрсетілді

Орталық коммуникация­лар қызметінде «Қазақстан­дық­тардың шетелдегі қауіпсіз демалысы» тақырыбында бас­пасөз мәсл­и­хаты өтті. 

Шараға Мәдениет және спорт министрлігі Туризм ин­дус­триясы комитетінің төрайымы Майнұр Мырза­мадиева, Мәдениет және спорт министрлігі туризм ин­дус­триясы комитеті тө­ра­ғасы орынбасарының мін­детін ат­қарушы Жандос Би­мағанбетов, «Туристік Қам­­қор» ұжымдық қоры­ның төрайымы Инна Рей, «Туристік Қамқор» әкім­ші­лік жүйесінің директоры Асылхан Есілов, Қа­зақстан турагенттіктері ассоциа­ция­сының президенті, «Ту­рис­тік Қамқор» Кор­по­ра­тивтік Қорының турагент­тіктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Әсел Нұркебаева қатысты.

«Қазақстанда 2016 жыл­дың аяғында заңнамалық дең­гейде шетелге шығу туризмі аясында азамат­тардың құқықтарына ке­пілдік беру жүйесі енгізілді. Осы ша­ра туристік нарықтың кей­бір өкілдері тарапынан қазақстандық туристердің көпшілігі шетелдерде жататын орындары төленбей немесе қайтатын билеттері болмай қалуы сияқты алаяқтық жағдай­лардың жиілеп кетуіне байланыс­ты қабылданды. 2010 жылдан бері көп жағ­дайда туроператордың банкрот болуымен, не болмаса алаяқтық жолмен, чар­терлік авиакомпаниялар проблемаларымен жалғасқан жағ­дайлар тіркелді. Осы уа­қыт аралығында барлығы 12 мың адам зардап шек­ті, ал шығын көлемі ондаған мил­­лион доллардан асып түсті. Осы оқиғалар аясында шетел­дегі қазақстандықтарға шұғыл көмек көрсететін, қазақстандық туристерді Отанына қайтаруға кепіл­дік беретін «Туристік Қам­қор» қоры құрылды. Қорға қа­ты­сушы туроператор әрбір жолданатын турист үшін 0,5 АЕК көлемінде аударым жасауы тиіс», деді Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индус­триясы коми­тетінің төрайымы Май­нұр Мырзамадиева. 

Қазіргі сәтте Кепілдік беру жүйесінде 59 туроператор және банктік кепілдік ұсынатын туроператор-фрахтовательдер тіркел­ген. Қазіргі кезде олар туркодтар беріп отыр. Заңнама аясында бүгінгі күні www.fondkamkor.kz сайтының «Қатысушылар тізімі» бөлімінде берілген компа­ниялармен жұмыс істейді. Мо­ниторинг деректері бойынша нарықты қамту 80 пайыздан ас­тамды құрайды және әлі 20-ға жуық туроператор жүйеге кіреді деп күтілуде. Туркод деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық сим­волдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін айрықша нәрсе. Туркод агенттің электронды пош­тасына жіберіледі. Туркодтар Қордың турларының электронды тізілімінде сақталады. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде көмекті күтеді. Туркод жеке парақпен берілуі және жолдамаға жазылып берілуі мүмкін. Туркодтың болуы турфирма арқылы шетелге демалуға баратындардың барлығы үшін міндетті болып табылады. Егер турист турфирма арқылы ресімделетін болса, ол міндетті түрде туркодты алуы тиіс. Яғни туроператорлар турпакетті берген кезде, туркодты да бірге беруге міндетті. 

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»