• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2018

Астана-Алматы пойызы. Зардап шеккендер көмексіз қалмайды

376 рет
көрсетілді

Жамбыл жол бөлімшесінің Шу стансасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, Инвестициялар және даму министрлігі Көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев «Астана – Алматы» жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуіне қатысты оқиға бойынша журналистермен брифинг өткізді.

Сондай-ақ брифингке Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де қатысты. Қ.Алпысбаев зардап шеккендерді қолдаудың барлық мүмкін шаралары жасалып жатқандығына тоқталды. Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен төлемдерден өзге, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазалы отбасына 2 миллионнан астам теңге, зардап шеккендерге алған жарақаттарының денсаулығына келтірген залалының ауырлығына байланысты 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қаржы береді, деді. 

Сондай-ақ, жолаушылар «Жолау­шы­лар тасымалы» АҚ-тың «НСК» сақтандыру компаниясымен өткен жылы жасасқан келісімшартына орай тиісті өтемақы ала алатыны белгілі болды. Сақтандыру компаниясының қосымша өтемақы төлеу мәселесі «ҚТЖ» ҰК» ААҚ-тың ерекше бақылауында тұр екен. Қ.Алпысбаевтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан жедел штаб құрылды. Ол вагондардың жолдан шығып кетуіне қатысты барлық зардаптарды жоюдың шараларын үйлестіреді. Арнайы комиссия оқиғаның себебін сараптауда. Оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады. 

«Егемен-ақпарат»