• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 20 Маусым, 2018

Бүгін ҰБТ басталды

1080 рет
көрсетілді

Бүгін елімізде ұлттық бір­ыңғай тестілеу сынағы басталды. Аталған науқан 167 ҰБТ өткізу пунктінде 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы­мен ҰБТ елімізде он бесінші рет өткізіліп отыр. 

Бұл жылдар ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн-нан астам мектеп бітіруші қатысқан. 2017 жылға дейін ҰБТ үш функция­ны атқарды. Атап айтқанда 11 жылдық оқуды аяқтау қоры­тындысы ретіндегі бітіру емтиханы, жоғары оқу орындарына түсу емтиханы және түлектерге мемлекеттік гранттарды тағайындау механизмі. Былтырдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгені мә­лім. Яғни қорытынды аттестат­тау немесе бітіру емтихандары мектептерде өткізіледі де, ҰБТ жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тағайындау емтиханы болып қала береді. Осы жылғы ҰБТ форматында өзгеріс жоқ. Ал тест сұрақтары 50 пайызға жаңар­тылды.

Биыл ҰБТ-ға қатысуға өті­­ніш берген мектеп бітіру­ші­лердің саны – 102 442 (70%). Оның ішінде 77 мың (76%) түлек қазақ тілінде, 25 мың (24%) түлек орыс тілінде тапсырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ҰБТ тап­сыруға өтініш берген мектеп бітірушілердің саны 10 мыңға өсіп отыр. Сәйкесінше қазақ тілінде тапсыратын балалардың саны 5%-ға өсті. Мектеп бітірушілерге алғаш рет тестілеуді ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі беріледі. Биыл Білім және ғылым ми­нистрлігі ҰБТ нәтижелері бо­йынша мектептер рейтингін жүргізбейді. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығы үшін сынамалық онлайн тестілерінің функционалы жетілдірілді. Енді одан үйде отырып-ақ өтуге болады. Бүгінге дейін 145 мың рет онлайн-тест тапсырылған.

Тест тапсырушыларға ар­налған жағдайды жақсарту мақсатында биыл әр түлекке ҰБТ сертификатымен бірге бейіндік пәндердің комбинациясы бар ақпараттық парақша беріледі. Сондай-ақ қандай маман­дықтарға баруға болатыны туралы мамандықтар тізі­мі ұсынылады. Ал ҰБТ-ға дәлелді себеппен қатыса ал­маған жағдайда келесі лекте тапсыру немесе кешенді тес­тілеу тапсыру мүмкіндігі бар. Сонымен бірге ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар жеке көмекшімен немесе сурдоаудармашы мамандармен қамтамасыз етіледі. Қазақстан бойынша тегін қоңырау жасауға болатын бірыңғай call-орталық іске қосылды.

«Егемен-ақпарат»