• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Кандидаттар екшелді

242 рет
көрсетілді

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы біліктілік ко­миссиясы судьялыққа кандидаттардан олардың білім деңгейін айқындау үшін біліктілік емти­ха­нын қа­­­былдады. Комиссияның отырысына бай­қау­шылар ретінде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқор­лық­­пен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық ке­­­ңес­тің мүшелері – Парламент Сена­тының депутаты И. Әміров және «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты сыбайлас жем­қорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Б.Әшітов қатысты. Комиссияның регламентіне сәйкес біліктілік емтиханын тапсыру екі кезеңге бөлініп, заңна­ма­ны білуге компьютерлік тестілеу және емтихан билеттері бойынша үміткердің білімін тексеруден тұрды. Заңнаманы білуге арналған тест 100 сұ­рақты құрады. Оған 90 минут уақыт бөлінді. Емтихан билетінде төрт сұрақ бар. Тестілеу кезінде 70 және одан да көп балл жинаған адам заңна­ма­ны білуге арналған компьютерлік тестіні тапсыр­ды деп есептеледі. Ол екінші кезеңге жіберіледі. Емтихан билеттері бойынша үміткердің білімін тексеру кезінде комиссияның әрбір мүшесі әр сұрақ бойынша жеке-жеке бес балдық жүйемен баға қояды, содан кейін орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін аймақ­тар­дан 162 кандидат шақырылды, 90 кандидат қа­тыс­ты. Компьютерлік тестіні тапсырудың бірінші кезеңінен 51 кандидат өтті. Олардың ішінен 20 кандидат екінші кезеңге өте алмады. 90 канди­дат­тың ішінен судья лауазымына біліктілік емтиха­нын 31 үміткер тапсырды. Біліктілік емтиханын тап­сыру нәтижесі алты жылға жарайды, ал ем­тихандарды тапсыра алмаған адам оларды қайта тапсыруға бір жылдан соң жіберіледі. «Егемен-ақпарат».