• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Жаңа зауыт, жаңа өнім

298 рет
көрсетілді

Жаңа кәсіпорындар іске қо­сылып жатады, ол біздің еліміз үшін таңсық емес. Ал бұл зау­ыт­тың орны бөлегірек. Ол – мем­лекеттің қаржылық қол­дауы­мен, 2010-2014 жылдарға ар­налған үдемелі индус­трия­лық-иннова­ция­лық даму жө­нін­дегі мемлекеттік бағдарламаның бірінші ба­ғыты аясында са­лынған кә­сіп­орын. Бұл жоба Қазақстанды индустрияландыру бағдарлама­сы­на енген. Зауыт «Алматы қатталған құ­бырлар зауыты – АҚҚЗ» («ПВХ Дайбленд» ЖШС) деп аталады. Ол алдын-ала қаптал­ған құбыр­лар мен фасондық бұйымдар шы­ға­рып, оны жеткізіп берумен ай­на­лысады. Жы­лу­ды ұстайтын қап­тамалар пенополиуретаннан жа­салады. Ал­дын-ала қапталған құ­быр­лар жер астында жылу жү­йе­лерін каналсыз төсеу үшін пай­да­ла­нылады. Ал жылу жет­кіз­гіш­тер­дің параметрлері мы­на­дай есеп­ке құрылған: жұмыс қысымы 1,6 Мпа және пайда­ла­нылатын суық­тық температура­сы 140°С-ке дейін. Мұндай қалыптағы құбыр­лар Алматы қаласы үшін өте қа­жет. Ол жаңадан салынып жат­қан құрылыстарда, сондай-ақ ком­муникацияларды алмастыру­да кеңінен пайдаланылады. Бұл өнімдер өзінің сапалылығымен ерекшеленеді. Зауыттың қуаты да айтар­лық­тай. Әзірге ол Алматыдай мегаполистің қажетін толық өтей алады. Болашақта оның өнімдері басқа аймақтарға да жіберілуі мүмкін. Зауыт бір тәулікте диаметрі 32-1020 мм. аралығында жылу ұстағыш пенополиуретанмен қапталған 675 қума метр құбыр, сондай-ақ 50-120 фасондық бұйым шығара алады. Фасондық бұйымдардың түрі көп: қозғалмайтын және жылжымалы тіреулер, құбыр­ларды жалғастыратын, бөлетін түтіктер, тағы басқа өнімдер жылу жүйелерін жүргізуде тап­тырмайды. Жаңа зауыт сондай мұқтаждықтан құтқарады. Бұл зауыттың құрылысы үде­­мелі индустриялық-иннова­ция­лық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға еніп отыр­ға­ны тектен-тек емес. Оның өнімдері қала құрылысының қар­қынына, коммуникация жү­йе­сін жақсартуға айрықша ық­пал ететін болады. Реті келгенде жалпы Алматы қаласында үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы бойынша кең ауқым­ды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтқанымыз жөн болар. Қазір жалпы сомасы 257,5 миллиард теңгені құрайтын 28 индус­трия­лық жоба бойынша жоспарлы іс атқарылып жатыр. Өткен жылы төрт жоба жүзеге асты. Ол өмір­дің әр саласын қамтиды. Гемодиализ (жасанды бүйрек) үшін ерітінді шығаратын «Бирунифарм» ЖШС, «Медеу-Шым­бұлақ» тау-шаңғысы курорты, қат­ты және сұйық заттар шы­ға­ра­тын «Нобел АФФ» АҚ, «Талес Казахстан Инжиниринг» ЖШС тактикалық буыны ра­дио­байланысының құралдарын өндіру жобасы Алматы қала­сындағы айтулы нысандар қата­рын толықтырады. Үстіміздегі жылдың алғаш­қы жартысында 3,5 миллиард теңге қаржы жұмсалған үш жоба жүзеге асты. «Обис» компа­ния­сы деп аталатын ЖШС шы­рынды ішімдіктер шығарады. Құрғақ құрылыс қосындылар зауы­тын қайта құру арқылы «Ше­бермикс» ЖШС пайда бол­ды. «Алматы ашытқы зауыты» АҚ қатарға қосылды. Қазір қалада жалпы көлемі 167,1 миллиард теңге құрайтын төрт жоба пайдалануға беріліп жа­тыр. Оның қатарында Алма­ты метросының бірінші кезегі бар. Мамадияр ЖАҚЫП.