• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Маусым, 2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

438 рет
көрсетілді

Кеше Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лига­сы 2018/2019 маусымының бірінші кезеңінің жеребесі тар­тылды. Биылғы Еуро­до­даның бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстанның үш бірдей клубы сынға түседі. Олар – Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ертіс» және Қостанайдың «Тобыл» клубтары.

Жеребе тарту рәсімінің қо­ры­­тындысы бойынша «Қайрат» клу­бы бірінші кезеңде «Энго­р­дани» (Андорра) және «Фоль­го­ре» (Сан-Марино) ко­ман­­далары арасындағы же­ңім­­паз клубпен кездесетін бол­ды. «Ертіс» командасы Эсто­ния­ның «Нарва» (Эстония) клубы­мен келесі ке­зеңге жолдаманы сарапқа сал­са, «Тобыл» Грузияның «Самтредия» (Грузия) командасымен ойнайды.

Еуропа лигасының іріктеу кезе­ңін­дегі алғашқы ойындар 12 шілде күні өтсе, жауап матч­­тары 19 шілдеге бел­гі­лен­ген. Қазақстандық команда­лар алғашқы ойындарын сырт алаң­да өткізеді. Жеңімпаз атан­ған клубтар іріктеуді жал­ғас­ты­рады. Ал жеңілген команда Еуродода бәсекесін аяқтайды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»