• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2018

Атыраулық аз қамтылған отбасылардың балалары Италияға аттанды

425 рет
көрсетілді

Атыраудағы ата-анасынан айырылған жəне аз қамтылған отбасылардың балалары жазғы демалыстарын Италияда өткізеді.

Балалардың шет елге барып, демалуларына жолдаманы Атырау облысының білім басқармасы қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

16 маусымда Атырау қаласының халықаралық әуежайынан қырыққа жуық бала Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалысқа аттанды. Балаларды қамқоршылары мен достары шығарып салды.

Италиядағы екі апталық демалысқа облыстық білім беру басқармасы қаражат бөлген.

«Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне 7 билет берілді; 32 жолдама қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қамқоршы және қамқорлықтағы балаларға, сондай-ақ, патронаттық тəрбиедегі балаларға, 1 жолдама №4 облыстық санаторлық-интернатының тәрбиеленушісіне берілді.

Балаларды Атырау қаласындағы №12 орта мектептің мұғалімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының ұстаздары, сондай-ақ ағылшын тілін жетік меңгерген аға оқытушылар жетекшілік етіп барады.

-Мен үшін биылғы жазғы демалысым өте қызықты болатынына өте қуаныштымын. Бұл сапарда жаңа достар табамын, ағылшын тілін тереңірек меңгеріп, сәулет ескерткіштерін көретін боламын. Италиядағы ұмытылмас және әдемі орындарды көремін. Сапардан алған әсерім, мен үшін өмір бойы есімде қалатын болады,- дейді № 12 орта мектептің оқушысы Əсемай Нұржігітова.

Балалардың «Аджип Карачаганак Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты шетелдік лагерьде демалуға мүмкіндіктер алды. Италияда жазғы демалыс күндері 3 шілдеге дейін жалғасады.