• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2018

Старшинаның сүйікті ісі

450 рет
көрсетілді

Жезқазған қалалық ішкі істер бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейтін полиция старшинасы Жолаушы Ахановты қолынан келмейтіні жоқ шебер деп сеніммен айтуға болады. Ол жұмыстан тыс уақытта дәурені өтіп, «демалысқа» кеткен қызметтік автомашиналарды жөндеп, қатарға қосумен айналысады. 

Тегінде, тәртіп сақшы­ларының жұмысы өте қауырт. Сәйкесінше қыз­меттік көліктерге, оның ішінде патрульдік автома­шиналарға күні-түні тыным жоқ. Сол себепті олардың ғұмыры да қысқа болып келеді. Қанша жер­­ден жамап-жасқап, жөн­­дегенмен темірдің де тозбай тұрмайтыны белгілі. 

Ал полиция қыз­меткері Жолаушы Аханов бұл мә­се­леге басқа қырынан ке­ліп, жоқтан бар жасап жүр. Алғаш рет ол «УАЗ» автомашинасын осыдан үш жыл бұрын қалпына келтірген болатын. Бүгінге дейін ол санаттан сызылып қалған үш қызметтік автокөлікті жөндеп, іске жарамды еткен. 

Полиция қызметкеріне мұны істе деп жатқан ешкім жоқ, бұл – оның қолы бос­та өз қалауымен айналысатын сүйікті ісі. Осы үшін Жолаушы Аханов ақы алған емес. Дегенмен полиция басшылығы стар­шинаның бұл пайдалы ісіне мүмкіндігінше қол­дау көрсетіп отырады. Мы­салы, ол Қарағанды об­лыстық ІІД басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы, 

Жезқазған қаласы