• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2018

Алматыда Ұлттық ұланның арнайы кеңесі өтті

507 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында арнайы Әскери кеңес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметі.

Әскери кеңеске Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығынан кадр және әскери білім беру басқармасының бастығы полковник Р.Акбаров,  өңірлік қолбасшылықтың басшылары, Әскери кеңес мүшелері, басқарма, бөлім және қызметтердің бастықтары, Алматы гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің командирлері мен орынбасарлары, сондай-ақ  6506, 6698, 5513, 5514, 5547 әскери бөлімдерінің қолбасшылықтары бейнеконференция режимінде қатысты.

Кеңес отырысын Ұлттық ұлан  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы  генерал-майор Ақтанов Кайрат Михаилұлы ашып, күн тәртібімен таныстырды.  

Күн тәртібінде жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің жағдайы, мәселелер және оны шешудің жолдары; 2018 жылдың қысқы оқу кезеңі бойынша әскери бөлімдердегі қорытынды тексерудің нәтижесі; 2018 жылдың І жартыжылдығындағы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстардың жағдайы және ІІ жартыжылдықтың міндеттері қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданып, І жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің арасында 2018 жылғы І жартыжылдықтағы қызметтік-жауынгерлік жұмыстың қорытындысы бойынша орындар төмендегідей ретпен берілді:   

І орын – 5547 әскери бөлімі;

ІІ орын – 6506 әскери бөлімі;

ІІІ орын –  3650 әскери бөлімі.