• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2018

Үркер-2018: «Egemen Qazaqstan» «Үздік республикалық баспасөз басылымы» атанды

314 рет
көрсетілді

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандарға «Үркер» ұлттық сыйлығы  табысталды. «Үздік республикалық баспасөз басылымы» аталымының жүлдесін «Egemen Qazaqstan» газеті иеленді.

Ұлттық премия баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында үздік жетістікке жеткен сондай-ақ өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген, әрі журналистиканың беделін көтеруге атсалысқан, сондай-ақ қоғамның азаматтық белсенділігін көтеруге үлес қосып жүрген мамандарға берілді.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және шығармашылық адамдарының елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.