• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2018

ШҚО-да домбыраға ескерткіш қойылды

1104 рет
көрсетілді

Елбасы Жарлығымен жарияланған "Ұлттық домбыра" күні қарсаңында Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында домбыраға ескерткіш қойылды.

Ескерткіштің биіктігі - 7, ені - 2 метр. Туындының авторы - жас мүсінші Нұрбол Қалиев.

"Бұл мереке - өнер саласындағы адамдар үшін ғана емес, барша халыққа ортақ мереке деп есептеймін. Өйткені, "Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,  нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай,  домбыра - ұлтымыздың бітім-болмысын, төл мәдениетін, рухани әлемін айқындайтын асыл мұра" деді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов ескеркіштің ашылу салтанатында.

Азамат ҚАСЫМ,  "Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы