• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2011

Кәсіпкерлікті қорғайды

275 рет
көрсетілді

Елбасы оңтүстікке келген сапа­рын­да әлемдік дағдарыс жағдайында сан мыңдаған адамдар жұмыс жасайтын алып концерндердің қайраңдап қалған кемелердей хал кешкенін айтқан. Ал шағын және орта кәсіпке бағытталған Германия дағдарысты айтарлықтай сезіне қоймаған. Сондықтан, Қазақстанның негізгі арқа тірері шағын және орта кәсіп бо­лады дегенді аңғартқан еді. Алайда, бірін екі етіп, кәсіп ашқан, кетпен шапқан, мал баққан ағайынға қыз­метін пайдаланып жолын баққан­дар, оңайдан олжа іздеп, шибөрідей талай­­тын­дар жетіп артылады. Ондайда кәсіп­керлердің сая табары құқық қор­ғау ор­ган­дары, оның ішінде қаржы по­лициясы. Біз Тәуелсіздік мерекесі қарсаңын­да Оңтүстік Қазақстан облысы бойын­ша экономикалық қылмысқа және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күрес де­партаментінің бастығы, полковник Нұр­лан Қамбатыровқа жолығып, сауал­да­рымызға жауап алған едік. – Қаржы полициясының Елбасы саралаған негізгі міндеттерінің бірі – от­ан­дық кәсіпкерлікті қолдау, – дейді полковник. Шағын және орта кәсіптің өр­кен­деуіне қысымды болдырмау мақ­с­а­тын­да жергілікті кәсіпкерлермен тұ­рақ­ты кездесіп, екі жақты байланыс орна­­­ту­дамыз. Кәсіп­керлікті тексеруге мораторий жарияланғанын құп көргенімізбен ха­лық денсаулығына нұқсан келтіретін дәрі-дәрмектер, азық-түлік, спирттік ішімдіктердің заңсыз айналымына ба­қы­лау жүргізіледі. Мемлекетті алдап, пайда табатындардың адымы қысқа, оған жол бермейміз. Департамент пен «Атамекен Одағы» ұлттық экономи­ка­лық палатасы, «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер» одағымен өзара меморандум қабылданған. Әр аптаның сәрсенбісі кә­сіпкерлер күні деп белгіленген. Бұл күні кез келген кәсіпкердің департамент бастығының қабылдауында бо­лып, шағымын айтуына мүмкіндігі бар. Департамент қызметкерлері ондайда кәсіпкерліктің адымына тұсау салғысы келетіндермен ымыраға келмейді. Осылай деген департамент бастығы “Тәуелсіздікті баянды ету – барша қа­зақ­стандықтардың мұраты. Біз де осы тор­қалы тойға өз сүбелі үлесімізді қосып келеміз” деді. Расында, экономикалық қылмысқа қарсы күресетін департаменттің мемлекетке орасан көмегі барын бірер фактілермен түйіп айтуға болады. Мәсе­лен, 2007 жылы ғана жұмысқа қабыл­данған қаржы полициясының капитаны Қанат Аблақанов өз іскерлігінің нәти­­­жесінде 1 млрд.-тан астам қаржыны мемлекет пайдасына қайтарған. Әрбір қызметкер өз ісіне мұқият қарап, мемлекет пайдасына жұмыс істейтін болса, оның өзі Тәуелсіздікті тұғырлы етуге қосқан үлес болып саналатыны анық. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.