• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2018

«Абай-Верн» бағдарламасының сертификаттары табыс етілді

768 рет
көрсетілді

Қазақстан және Франция Президенттерінің қатысуымен 2014 жылы ашылған Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында «Абай-Верн» бағдарламасының сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.

«Абай-Верн» бағдарламасының сертификаттары табыс етілді «Абай-Верн» бағдарламасы жоғары білікті мамандарды дайындау, қос дипломды білім беру саласындағы Қазақстан-Француз әріптестігін нығайтуды мақсат етеді. Әрі қазақстандық студенттерді Францияның жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа көкжиегі болып табылады.

Аталған бағдарламаның қабылдау комиссиясы деректері бойынша  2018-2019 оқу жылына жүзден аса өтініш қабылданған. Осыған орай сарапшылар тобының іріктеуі нәтижесіне сәйкес 2-курс магистранттарынан – 55,  докторанттар қатарынан 10 кандидат Францияда білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

Іс-шараның ашылу салтанатында Францияда білім алып қана қоймай, мол тәжірибе жинақтап қайтатын студенттерге университет ректоры Такир Балықбаев бұл сапардың үлкен  жауапкершілікке толы екендігін әрі  кәрі құрлықтың озық тәжірибелерін еліміздің келешегі жолында жан-жақты меңгеріп қайтатындарына зор сенім білдірді.

Сертификаттарды табыстау рәсіміне Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартине, ҚР ҰҒА президенті, профессор Мұрат Жұрынов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев қатысып, т.б. студенттерге сәт-сапар тіледі.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ