• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Шілде, 2018

Беларусь президенті Роза Рымбаеваға «Славян базары» президенттік марапатын табыстады

303 рет
көрсетілді

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті, деп хабарлайды belta.by.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

Сондай-ақ Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылды.