• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Шілде, 2018

Дәурен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

286 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.

«Біздің министрлік құрылған уақыттан бері ел тұрғындары мен депутаттар еліміздің шекаралық аймақтарындағы отандық радио хабарларын тарату мәселесін шешуімізді сұрап көптеген өтініштер жолдады. Бұл мәселені шешуге біраз уақыт керек еді. Биылғы жылдың маусым айында Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде, сондай-ақ Арыс қаласында «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл алғашқы қадамдардың бірі ғана. Алдағы уақытта шекаралық аймақтарда отандық радио хабар тарату жұмыстарын жалғастыра береміз», деп жазды Дәурен Абаев.