• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысы бар күдікті қылмысын мойындады

504 рет
көрсетілді

Мәнерлеп сырғанаудың хас шебері Денис Тенді өлтірген күдікті қылмысын мойындады.

Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің есімін атады.

Ведомство мәліметінше, ол қылмысын мойындады. Ұсталған күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. 

«1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады, осы іске адвокат қатысып отырды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктінің де кім екені анықталды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», деді прокурор Берік Жүйріктаев БАҚ өкілдерімен болған брифингте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Айта кетейік, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілді. Алматы қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған. Оқиғаның үстінен түскен спортшыны ұрылар жамбасынан жарақаттаған. Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Осы оқиғадан екі сағаттан кейін Алма­­ты­дағы Орталық қалалық клиника­лық ауруханада Денис Теннің қай­тыс болғандығы туралы суыт ақпарат хабар­ланды.