• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

327 рет
көрсетілді

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты.

«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы ұсталды. Арман Дениске екі жерінен пышақ салған. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданында көшеден ұсталды», - деді Серік Күдебаев арнайы брифингте.

Бұған дейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бір қарақшы қолға түскен еді. Ол да ұылмысын мойындаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар