• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

666 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде үстіміздегі жылдың бірінші жартысының қорытындысы қаралған кеңейтілген мәжілілісте Облыстық ішкі істер департаментінің  бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов мәлімдеді. 

Жарты жылда жалпы қылмыстың 5,6 пайызға азайғаны байқалған. Ал аса ауыр қылмыстар саны 18,8 пайызға, орташа ауыр қылмыстар 4,6 пайызға кеміген.

Мұнымен қоса,  Бекет Аймағамбетов халыққа қызметтің бұрынғыдан жақсара түскенін, ішкі істер органдарына азаматтар сенімінің күшейгенін айтып өтті.

«Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қызметтің нақты бағыттарында, оның ішінде тәртіп мен заңдылықты, ішкі істер органдарындағы сыбайластққа қарсы іс-қимылды күшейтуде жұмыстарды жандандыра түсу керек», деді Бекет Аймағамбетов. 

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»  

Қостанай