• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Білім 23 Шілде, 2018

Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп қазақы атауға ие болды

433 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірқатар мектептің атауы қазақыланды. «Бұл өзгеріс идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру аясында жүргізілді» дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдеде шыққан №413 қаулысына орай Тасқала ауданындағы Вавилин бастауыш мектебі – Бастау, Жемшин бастауыш мектебі – Тоғайлы, Крутой негізгі мектебі – Ынтымақ, Кузнецов негізгі мектебі – Бірлік, Родник негізгі мектебі – Айнабұлақ, Семиглавый Мар орта мектебі – Достық, Совхоз мектеп-балабақшасы – Атамекен, Шипов орта мектебі – Мерей орта мектебі болып қайта аталатын болды.

Осылайша, шекарада жатқан елдімекендердің қазақы бет-бейнесі қалпына келіп, алдағы жаңа оқу жылында шәкірттер атауы жаңғырған мектеп табалдырығын аттайтын болды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан