• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Шілде, 2018

Қызылордада «Kieli meken - Qyzylorda» атты Халықаралық жайдарман фестивалі өтті

320 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелрі басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған «KIELI MEKEN - QYZYLORDA» атты халықаралық жайдарман фестивалі өткізілді.

Шараға Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия, Өзбекстан мен Қарақалпақ елдерінен жайдарманшы командаларымен қатар өзге өңірлерден  «Апорт» құрамасы - Алматы қаласы, «Миллион» командасы – Түркістан облысы, «Юсуф Мироғұлының қарындастары» – Алматы қаласы, «Грант» құрамасы - Батыс Қазақстан облысы, «Бір үйдің балдары» - Байқоңыр қаласы, «Қызылорда» құрамасы - Қызылорда облысының командалары өнер көрсетті.

Жеңімпаз атанған командалар жүлделі І орын – 500 000 теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 150 000 теңге және «Үздік ойыншы» - 50 000 теңгелей сертификаттармен кубоктармен марапатталды.