• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2018

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды

283 рет
көрсетілді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына барды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қ.Әбдірахманов АҚШ Мем­лекеттік департа­ментінің басшы­лығымен, соның ішінде Мем­лекеттік хатшының бірінші орын­басары Джон Салливан және тоқ­саныншы жылдардың екінші жар­тысында АҚШ сенаторы ре­тінде Жібек жолы страте­гиясы форматында ынтымақ­тас­тықты дамытуға қатысты бас­тама көтерген, Діни бостандық жө­ніндегі елшісі Сэм Браунбэктің қа­ты­суымен бірқатар кездесу өткізді.

Дипломаттар Қазақстан – АҚШ қатынастары жоғары қар­қынмен дамып отырғанын, сон­дай-ақ Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың 2018 жылғы қаңтар­дағы Вашингтонға жасаған ресми сапарының қорытындысы бо­йынша қол жеткізілген уағда­лас­тықтардың жүзеге асырылу барысын атап өтті. Тараптар Қа­зақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ын­тымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Қ.Әбдірахманов амери­кан­дық жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшы­лы­ғы­мен кездесіп, оларды Қазақ­станда бүгінгі бизнес жүргізуге жасалып жатқан жаңа қо­лайлы жағдайлармен таныс­тырды. Келісімдердің жоғары дең­гейде, Қазақстан және АҚШ Пре­зи­денттері арасында табысты жүзеге асырылуы арқасында, іс­керлік белсенділіктің, сонымен қа­тар Қазақстан экономикасына аме­рикандық инвестициялардың келуінің артқаны атап өтілді.

Министр Мемлекет бас­шы­сының жүргізіп отыр­ған қазақ­стан­дық экономика­ны әрта­рап­тан­дыру саясатын ескере отырып, ірі жоғары технологиялық жо­ба­ларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, кө­лік инфрақұрылымы, ауыл шаруа­шылығы, байланыс және IT-тех­­нологияларды дамыту салаларын­да америкалық тәжірибе мен капи­талды ауқымды түрде тарту­ға Қазақстан қызығушылық таны­тып отырғанына назар аудар­ды. Осы және басқа да көпте­­ген жобалар қазақстандық ресми тұл­ғалардың АҚШ-қа және амери­калық сауда миссия­ларының Қа­зақстанға жасайтын алдағы сапарлары барысында әзірленіп, іске асырылатын болады.