• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Шілде, 2018

«Астананың» мергені жаңа маусымда Испания чемпионатында өнер көрсетеді

317 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси жаңа маусымда Испания чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алавес» (Испания) футбол клубы «Астана» командасымен елорда командасының шабуылшысы Патрик Твумасиді қатарына қосу туралы келісімге келді. Патрик медициналық тексерістен сәтті өтіп, жақын уақытта Ла Лигада өнер көрсету үшін жаңа командасының тізіміне қосылады»,  - делінген хабарламада.

Твумаси «Алавеспен» 4 жылдық келісімшартқа қол қойған. Футболшының қазақстандық командамен келісімшарты болғандықтан, «Алавес» «Астанаға» өтемақы төлейді. Алайда, испаниялық команда өтініші бойынша өтемақы мөлшері жарияланбайды.