• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Шілде, 2018

ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

1070 рет
көрсетілді

ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері және ата-аналардың қатысуымен ҰҚК Академиясында тыңдаушыларды шығарып салудың кезекті салтанатты іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Комитеттің баспасөз қызметі.

Бітірушілерге алғашқы «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді.

ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға: нақ сіздердің қызметтеріңізбен қазақстан қоғамындағы – кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицері бейнесіне байланысты болатынын баса айтты.

Академияның профессорлық-оқытушы құрамына кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға  алғыс білдірді.

Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды.