• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2018

Қостанайлық полицейлер ақпараттық-талдау қызметінің 100 жылдығын атап өтті

311 рет
көрсетілді

Қостанайда ішкі істер органдары Ақпараттық-талдау қызметінің құрылғанына 100 жыл толуын Қостанайда өңірлік спартакиадамен атап өтті. Оған Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан полицейлер қатысты. Спатакиадаға қатысушылар стол теннисі мен армрестлингтен жарысты.

Қостанайлық полицейлер стол теннисімен мектеп жасынан айналысады. Сондықтан спартакиадада қарсыластарын шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алды. «Кез келген полицей атқаратын қызмет түріне қарамастан спортпен шұғылдануы, шынығуы, кез келген жағдайда азаматтарға көмекке келуге, құқық, тәртіп бұзушыларды құрықтауға даяр болуы тиіс» деді Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы Солтүстік бөлімінің қызметкері Дина Есқатова. Саланың Ақпараттық-талдау қызметіне 100 жыл толуына орай өткен өңірлік спартакиадада екінші орынды Ақмола, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген полицейлер алды. Нәзира Жәрімбет, «Егемен Қазақстан» Қостанай