• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2018

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

359 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту жайлы шешім қабылдады. 

Енді үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтізбелік күнде емес, 8 жұмыс күнінен кейін берілетін болады. 

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжатын беру мерзімі да 15 күнтізбелік күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. 

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың  сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу жұмыстары да енді 10 жұмыс күні орнына 5 жұмыс күні ішінде орындалатын болады.