• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Тамыз, 2018

Үндістанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

646 рет
көрсетілді

2018 жылғы 2-3 тамызда Үндістанның Сыртқы істер министрі, Сушма Сварадж ханым Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында Сушма Сварадж ханым Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі, Ж. М. Қайрат Әбдірахманов мырзамен екіжақты кездесу өткізеді.

2-тамызда Үндістанның Сыртқы істер Министрі Үнді қауымдастығымен кездеседі.

3-тамызда ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ж.М. Бақытжан Сағынтаевпен ілтипат кездесуін өткізеді.

Үндістан мен Қазақстанның қарым-қатынастары сан ғасырлық тарихи және мәдени байланыстарға негізделеді. Үндістан мен Қазақстан екіжақты және көп жақты қарым-қатынастың әрбір саласында жан-жақты ынтымақтастықты арттырып, 2009 жылдан бастап стратегиялық серіктестер болып табылады.

Бұл сапар Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі арттыру мүмкіншілігін береді.