• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Тамыз, 2018

Ұлағат ұясы

321 рет
көрсетілді

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақа­ласы аясында Қаз­талов ауданы орта­лығын­да тарихи-өлкетану му­зейі ашылды. Өңірдің өт­кен-кеткенінен мәде­ниет мекемесінің шаңы­рақ көтеруі әрине, жақсы­лықтың белгісі.

Музейдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков. «Өлкеміздің тарихы мен табиғатынан мол мағлұмат беретін осы мұражай өскелең ұрпақтың сүйікті орнына айнала берсін! деген тілегін жеткізіп, музей ұжымына КСРО-ның халық әртісі, жерлесіміз Ха­диша Бөкееваның портретін сыйға тартты.

Жаңадан тұсауы кесілген өлкетану музейінің қорында қазірдің өзінде 2 жарым мыңнан астам жәдігер бар. Тарихтың талай-талай айтулы оқиғасы өткен шежірелі топырақтағы ұлағат ұясында Қазталов ауданының өткені мен бүгіні көрініс тапқан. Ғимарат 4 экспозициялық бөлме­ден тұрады.

Музей жетекшісі Назкеш Адаялиеваның айтуынша, көп­шілік көзайымына айналар жәді­герлер күнен-күнге толығу үстін­де екен. Туған жері мен өскен елінің кешегісі мен бүгінгісіне бейжай қарай алмайтын көкрегі ояу ағайын үйлерінде әртүрлі себептермен осы уақытқа дейін сақталып келген құнды дүние­лерді әкеліп тапсырып жатқаны өте қуанарлық жағдай. Жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалға­сын таба бергей.

Қайрат ЖАҚЫП

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы