• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2018

Ақтауда жағажай волейболынан турнир басталды

362 рет
көрсетілді

2018 жылдың 3-5 тамыз аралығында Ақтау қаласында Мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевқа арналған паралимпидалық спортшылар арасында тұрып ойнайтын және отырып ойнайтын жағажай волейболы бойынша Халықаралық турнир өткізілмек.

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубының ұйымдастыруымен жыл асйны өткізілетін аталмыш турнирдің басты мақсаты мүгедектер арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен таныту,  мүгедек-спортшылар қатарына жаңа қатысушыларды тарту,  өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайту және  дене шынықтыру және спортты мүгедектерді қайта оңалтудың тиімді әдісі ретінде насихаттау.

Халықаралық турнирге Польша мен Словакиядан 2 команда, Ресей, Латвия, Өзбекстан құрама командалары және Қазақстан Республикасының клубтық командалары қатысады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы