• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2018

Астана, Ақмола және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды

500 рет
көрсетілді

Астана, Ақмола және  Қызылорда облыстарында дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астанада 5-7 тамыз күндері найзағай ойнауы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 85-90%. Ақмола облысында 5-7 тамыз күндері кей жерлерде найзағай түсуі ықтимал. Шығыс бағытта жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қызылорда облысының басым көпшілігінде 5 тамыз күндіз ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Дауыл тұру ықтималдығы - 95-100%.