• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Патриоттар жастарға иек артады

336 рет
көрсетілді

Қазақстан Патриоттары партиясының еліміздің әр­бір ауданындағы бас­тау­ыш партия бөлімшелерінің  хат­шылары Астанаға ар­найы ат арытып келген болатын. Солармен болған басқосуда   сайлау додасының жайы талқыланып, алдағы міндеттер жан-жақты пы­сық­талды. Осы ретте партия мү­шелерінің назары Жаңа­өзендегі жағдайға да ауды. Қазақстанды әлем жақсы жа­ғынан танып, эконо­ми­ка­лық тұрғыдан күш ала тү­сіп келе жатқан тұста осын­дай келеңсіздіктің ор­ын алуы еліміздің беделін түсіріп тастады, деді олар. Қазақстан Патриоттары пар­тиясы сайлауалды шта­бы­ның жетекшісі Болат Бейсембаев ендігі басты мәселе оқиғаның анық-қанығын анықтау дегенді алға тартты. Болат Қабдолұлының сөзіне қарағанда, партия еліміздегі өзге де саяси күштермен бірлесе отырып, аталған оқи­ғаның анық-қанығын анық­тау мақсатында құрылған арнайы комиссияның жұмы­сына белсене қатыспақшы екен. Ал аталған партияның серкесі Ғани Қасымов се­на­торлық жұмыстан қол үзбей, саяси доданың бел орта­сында жүргендігін айта кеткен жөн. Көбінесе қара­пай­ым сайлаушылар партия­ның атын сенатормен тікелей бай­ланыстырады. Партия же­текшісі еліміздің әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің алғашқы елулігінің қатарына енгендігін мойындай оты­рып, бар­лық мәселеде ашықтық бо­луын басты ұстаным ретінде алға тартып келеді. Сондай-ақ партия қазіргі жүзеге асып келе жатқан отбасы мен балаларды қолдау, адам әлеуетін ашу бағытындағы ұлттық жобалармен жұмыс істеу елді дамытудың басты факторы деп біледі. Партия бағдарламасында бұл мақсаттарды жүзеге асы­ру үшін ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек делінген. Сон­дық­тан да кәсіпорындарға ауқым­ды жаңғыртулар жасау, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнесті дамыту мен қол­дау басты назарға алынған. Жа­қында Ғ.Қасымов елі­міздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласына барып, сайлауалды тұғырнамада көр­­сетілген міндеттерді жан-жақты түсіндіру бағы­тында бірқатар шаралар өткізіп қайтты. Ендігі жұ­мыс өңірлерде қызатын болады. Бұдан басқа Патриоттар партиясының белді мүше­лері өңірлерге шығып, элек­торатпен тікелей жұ­мыс істеуді мықтап қолға алуды бастап та кетті. Әр­бір аудан, ауылдарды ара­лаумен қатар, зауыт, фаб­рикалардың жұмысшы­ла­ры­­мен де кездесу өткізу жос­парланып отыр екен. Тіпті Қазақстан Пат­риотта­ры партиясының атынан фут­бол командасын құра­тын­дықтары да белгілі болды. Мұндай игі шара­ның астарында жастарды спортқа үндеу арқылы, сайлау науқанына белсенді тарту жатқандығы анық. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. Астана.