• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

407 рет
көрсетілді

Тіркеуден өтіп, алды­мыз­дағы Парламент Мә­жілісі депутаттарын сайлау додасына белсене қатысуға ұмтылған партиялар қата­рын­да ауылдықтар да өзде­рінің сайлауалды жұмыс­тарын жүргізуге белсенді түрде кірісіп кетті. Партияның сайлауалды штабына хабарласып, штаб басшысы, ауыл шаруашы­лы­ғы ғылымдарының док­торы, академик Көпма­ғам­бет Елемесовпен сөйле­судің сәті түсті. – Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанында өзіміздің съе­зімізді өткізіп, онда пар­тияның сайлауалды жұ­мыс­тарының тұғырнама­сын бекіттік. Сондай-ақ Пар­ла­мент Мәжілісі депу­тат­ты­ғына кандидат ретінде ар­найы тіркеуге 23 адамды ұсы­ну жөнінде шешім қа­был­дап, олардың тізімін жа­саған едік. Осылардың ішінен 18 адам тіркеуден өтті. Енді халықпен кездесіп, сай­лауалды жұмыстарымызды жүргізуге кірісіп жатырмыз. Барлық жерде облыстық штаб­тарымыз құрылып, кім­нің қайда барып, қандай ұйымдармен кездесетіндігі айқындалуда. Мен өзім күні ертең Атырау облысындағы Махамбет ауданының хал­қы­мен кездесуге сапарға шық­пақ­пын. Мұнан кейін Ақ­тауда және басқа да жерлерде боламын. Партиямыздың төрағасы, ауыл шаруашы­лы­ғы ғылымдарының докторы, академик Ғани Қалиев бас болып, ұйымдастыру жұ­мыс­­тарын қолға алып жатыр­мыз, – деді бізбен әңгімесінде Көпмағамбет Елемесұлы. Партия штабына біз сөй­лескен сәтте телефондар шыл­дырлап, жан-жақпен хабарласу, қызу ұйымдастыру жұмыстары қайнап жүріп жатты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен де бірнеше тілдесулер келіп түсті. Жуықта ғана Астанада өткен партияның съезінде оның төрағасы Ғани Қалиев партияның ауылды дамыту мәселесіне ерекше мән беретіндігін айтып, осы бағытта ұсынылатын ұсыныстар мен жүргізілетін жұмыстарды сарапқа сала келе, ауылдық жерлерде агроқалашықтар құру идеясын ұсынған бо­ла­тын. Сонымен қатар, «Ау­ыл» партиясының тұғыр­на­масы тек аграрлық мәсе­лелермен ғана шектелмейтіндігін, ол ел өмірінің бар­лық жағын қамтитын­ды­ғын айтуға болады. Ауыл­дықтар халықпен кездесу мақсатында жер-жерлерге аттанғанда өз сайлаушы­лары­ның арасында осы жөнінде нақты түсініктер беруді, сондай-ақ олардың талап-тілегін естіп, оны жоғары жаққа жеткізіп, алдағы уақытта өздерінің бағдарламалық құжаттары­на енгізуді жөн санап отыр. Штаб бастығы Көпма­ғам­бет Елемесов партия үшін сайлауалды жұмыс­тарының маңыздылығын, осы бойынша атқарылатын істерді халыққа жеткізу қажеттігін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен тікелей бай­ланыс жасаушы міндетін өзінің орынбасары Ғалым­жан Мәдиевке жүктеді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ. Астана.