• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2018

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды

453 рет
көрсетілді

Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінде бес елдің басшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.

Бүгін Каспий саммитінде  көптен күткен тарихи шешім қабылданды. Құжатты Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан президенттері бекітті.

«Барлықтарыңызды маңызды құжатқа қол қойылуымен құттықтаймын. Біз әріптестерімізбен бірге Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу бойынша көп жылдық жұмыстың қорытындысын жасадық», деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

ҚР Президенті барлық бес мемлекет те теңіздің құқықтық режимін айқындауға күш-жігер салғанын айтты. 

«Конвенцияны даярлау процесінде барлық елдер саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Каспий өңірін дамыту, оның табиғи байлығын сақтау сияқты мүддені ұстанды. Конвенция - Каспий теңізінің Конституциясы іспетті. Ол теңіз маңы елдерінің құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты мәселелердің барлық кешенін реттеуге негізделген. Сондай-ақ, құжат жалпы өңір қауіпсіздігінің, тұрақтылығының және гүлденуінің кепілгері болуға арналған», деп нақтылады мемлекет басшысы.