• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Барды бағалай білейік

315 рет
көрсетілді

Павлодар облысының техникалық және кә­сіп­тік білім беру оқу орындарының атынан біз ретсіз бү­лін­­шілікке қатысушылар мен олардың жетекші­ле­рі­нің іс-әрекеттерін қатаң кінәлап айыптаймыз. Біздің еліміздің қа­лып­тасуы және дамуында көп­теген қиындықтар мен мәселелер тұрды. Мұға­лімдер 5-6 айлап жалақы алмаған кездерін естеріне түсіре алады, біз де биліктен бұл мәселенің шешілуін талап еттік. Сол кезде біз өзіміздің бала­ла­рымыздың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ете алмағанбыз, алайда біз сол кездің өзінде-ақ бейбіт елде тұрып жатқанымызды ұмытпап едік, еліміз экономикалық жағынан жөнге түс­кендігі және келешек дамудың іргетасы­ның қалана бастағаны болатын-ды.

Өзара келісім-шарттардың негізінде, тұ­рақ­ты­лық пен заңды тәртіпті қамтамасыз ете оты­ра, біз қадам басқан сайын өз мақ­са­ты­мызға жетіп отыр­дық. Егер де біз сол кезде ереуілге шығып, ақыл-па­расатымызға салын­бай, сезім әрекетіне бой ал­дырып, қыз­ба­лық­қа бағынсақ, мен ойлаймын, ақы­­ры қайғылы жағдайға ұласушы еді деп.

Алайда біз сезім әрекетіне бой алдырушы­лық­ты жіберген жоқпыз және де Қазақстан атты кемені бұзамыз дейтін «тамақ қыратын бақырауық­тар­дың» артына түспедік.

Біз жұмыстан шығып қалған мұнайшы­лар­­ды түсінеміз және «Өзенмұнайгаз» компа­ния­сы бас­шыларының іс-әрекеттерін жөнсіз және жауап­сыз­дық деп санаймыз. Олардың шам­дан­ғыштығы мен ерікке берілгендігі ха­лықты өлімге душар етті, және де экономикаға залал келтірді. Осының сал­да­рынан айыпты емес адамдар зардап шекті. Бү­ліншілікті бастау­шы­лардың арасынан біз көп жас­тарды көрдік, олардың өмірлік тәжірибесі әлі де болса аз, ал сөйте тұра әдейі жоспарланған аран­да­тушы­лыққа жол берілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу ор­ындарының педагогикалық ұжымдары аты­нан біз қаза тапқандардың туыстарының қай­ғы-қасірет­теріне ортақтасып көңіл айтамыз.

Тұрақты экономикаға бағдарланған және әбден екшеленген Елбасымыздың сарабдал саясаты бейбіт өмір мен келісімге жетелеген бағыты жетістіктерге жеткізері сөзсіз.

Қазақстанның барлық тұрғындарын, әсі­ре­се оқу­шылар мен жастарды Тәуелсіздігіміздің 20 жыл ішінде біздің еліміздің қол жеткізген табыс­тарын бағалауға шақырамыз.

Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары директорларының атынан Қабылқақ ҚАПЕНОВ, Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері, Павлодар облысы Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының, директорлар кеңесінің төрағасы.