• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Ел бірлігін ойлайық

246 рет
көрсетілді

Мен бұдан 25 жыл бұрын мектеп бітірген ұрпақтың өкілі­мін. Сол кездегі саясаттың дүм­пуін бір кісідей білемін. Әскерге барғанда Желтоқсан оқиғасының ызғарын сезіндік. Еліміз тәуелсіз­дік алған сәтте алдымен қуанған қазақтың бірі едім. Содан бері еліміздің өркендеуіне, ішкі-сырт­қы экономикалық байланыстың терең тамыр жаюына іштей тілекші болып жүрген жанмын. Алайда, кеше, ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойы тойланар сәт­те Маңғыс­тау өңірінде орын ал­ған тосын оқи­ға алаңдатып-ақ тастады.

Менің атам халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы білетін. Ха­лық арасында кең тараған ақын­дар­дың, жыршылардың өлең-жыр­ларын жат­қа айтатын. Өзі де әдебиетке өте жақын болды. Суы­рыпсал­ма­лық өнері бар еді. Сол өнерін бізге дарытуға көп жұмыстанды. Немерелерімен, яғни, бізбен әңгіме-дүкен құрған­да ұдайы елдікті, Қазақстанды мекен еткен ұлттар арасындағы бірлікті насихаттап отырушы еді. Біз одан алдағы өмі­рімізге мол тәлім-тәрбие ал­дық. Оны өзіміздің күнделікті тіршілігімізде ұдайы есте ұстап отырамыз. Мұны айтып отырған себебім, Жаңаөзен қаласындағы оқыс оқи­ға туралы білгенде, үл­кендердің тәлім-тәрбиесі кемшін түскен жоқ па деген ой ма­за­лай­ды. Қайдан білейін, қазіргі қоғам­да үлкендердің айтқанынан гөрі ақшалы топтар­дың әмірі басым болып кетуі де мүмкін ғой. Жаңа­өзен қаласын­да­ғы оқиғаға себепші болған ағайы­н­ның арасында мүмкін қалталы топ­тардың ықпа­лында кеткен жастардың өз еріктеріне ырық бере алмағаны әсер еткен шығар.

Тегінде, қазақ халқы Тәуел­сіздікті ұдайы мұрат еткен. Сол жолда қасық қанын қиып отыр­ған. Демек, қазақ халқы үшін Тәуелсіздіктен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Ал Жаңаөзен қала­сындағы бауырлардың дәл осы сәттегі әрекеті көңілге қонбайды. Мүмкін, мұның артында қазақ халқының, қазақ елінің тәуел­сіздігін тәрк еткісі келген топ­тар­дың ықпалы болуы әбден мүмкін. Бірақ, біздің ынтымағы жарасқан халқымыз мұндай өрес­кел әре­кетті ешқашан қолда­май­ды. Бұл – біздің тәуелсіздігімізге төнген қа­тер. Елдікті, қазақ хал­қы­­ның әлем­дік саясаттағы беделін ой­лай­­тын біздің буын дәл бұ­лайша қимыл жасамауы қажет еді. Ағайын ара­сында болатын ки­кіл­жіңге түсініс­тік­пен қарай­тын жұрт мұндай мә­селеге барынша ба­йыпты көз­қа­рас­­пен қа­рап, ең оң­тай­лы шешімін күтуі қажет еді. Амал не, мұнайлы түбектегі бауыр­лар­дың бұл ісі бәрімізді қынжылтты.

Қалай айтқанда да, ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдық мерейтойы сәтінде Маңғыстау өңіріндегі келең­сіз жәйт бабалар аңсаған тәуелсіздік арманын іске асырып жүрген бүгінгі ұрпақтың сағын сындыра алмайды. Ең бастысы, елдің бірлігіне сына қаққысы келген әлдекімдердің арандатуына ұры­нып қалмайық, ағайын.

Бимырза АМАНГЕЛДІҰЛЫ.

Атырау облысы.