• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2018

Фармация комитетінің экс-басшысы Лариса Пакты қамауға алу мерзімі ұзартылды

289 рет
көрсетілді

Мамандандырылған ауданарлық тергеу соты күдікті Лариса Пакты үй қамақта ұстау мерзімін 3 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, қылмыстық іске қатысы бар Лариса Пак және өзге де азаматтарға тиісті өндірістік және дистрибьюторлық тәжірибе сертификаттарын заңсыз бергені  үшін 10-нан 12 мың долларға дейін пара алған деп күдік тағылды.

Өткен жылдың 30 қараша айында Л. Пакқа қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы үй қамақта ұстау түріне ауыстырылған еді.