• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Сабыр түбі – сары алтын

405 рет
көрсетілді

Дәл ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойы өтіп жатқан тарихи сәтте мұндай сұмдық оқиға бола­ды деп кім ойлаған? Жаңа­өзендегі жағ­дайды теледидардан көріп, жа­ғамды ұстадым. Бұзақы­лардың істеп жүргендері мүлдем дұрыс емес. Бейқам жатқан елдің шыр­қын бұзып, дүрліктіріп жіберді. Қа­шанда халықтың тыныш­ты­ғын, береке-бірлігін тілеп оты­ра­тын біз сияқты аға ұрпақ өкілдері мұн­дай­ға жол берген ағайындарға өкпеліміз.

Меніңше, бұл мұнайшылардың өз тарапынан жасаған әрекеті емес, сырттан ықпал етіп отырған аран­дату­шы күштердің жымысқы сая­са­ты деп білемін. Өйткені, біздің еліміз осы жиырма жылда өсіп, өркен­деп, басқа мемлекеттер қызыға да қызға­на қарай­тын­дай қарыштап дамып кетті. Ел ішіндегі айрандай ұйыған тату­лық пен тұ­рақ­­ты­лық­тың нәти­­же­сін­де Қазақ елі өзі­нің ішкі-сырт­қы сая­сатын сауат­ты жүр­­гі­зіп, барлық жағынан алдыңғы қатарға шықты. Мі­не, осы жетістігімізді көре алмай­тын­дар, іштар­лық етуші жат пиғыл­ды күштер Жаңаөзендегі оқиғаға тікелей әсер етіп, бұзақылардың қолы­мен от көсегісі келді. Бірақ біз бұған ал­данып, арандап қалмауымыз керек. Елдегі тентектерді тезге са­лып, тиісті жазасын беруге тиіспіз. Ал арам ой­ларын жүзеге асырмақ бол­­ған сырт­қы күштерге мемлекет та­рапынан мықты тосқауыл қойыл­са, жақсы болар еді. Мұндай қиын-қыс­тау шақта өз ішімізде алауыз­дық та­нытпай, алыпқашпа сөзге е­ріп дүр­лікпей, бір шаңырақ­тың ас­тына топ­та­сып, Қа­зақ­станды аран­дату­шы топтардан арашалап қалуға тырысайық.

Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлер және ақсақалдар кеңесі­нің мүшелері маңғыстаулық мұнай­шы­ларды осындай сын сәтте сабыр­лы­лық сақтап, тәуелсіздіктің тәтті жемісін тата беруге шақырады. Ел тыныштығын ойлап, болашақта Қа­зақ­станның қарыштап алға баса беруіне үлес қосайық, ағайындар. Мен өзім 40 жыл бойы Өскемен қорға­сын-мырыш комбинатында қарапа­йым металлург болып еңбек еттім. Қажырлы еңбегім лайықты бағала­нып «Еңбек Даңқы» орденінің толық иегері атандым. Бұл «Еңбек Ері» деген атаққа пара-пар. Демек, ел игілігі үшін адал еңбек еткенге не жетсін!

Қайырбек АЙЖІГІТОВ, ардагер металлург, «Еңбек Даңқы» орденінің толық иегері.

ӨСКЕМЕН.