• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Еңбек жолымды бастаған жер еді

349 рет
көрсетілді

Сексеннің бел ортасына жа­қын­даған мен Тәуел­сіз­дігіміздің қаншалықты қым­бат екенін жақ­сы білемін. Тағатсыздана күткен толға­ныс­ты мереке күні көтерің­кі көңілдегі Көкшетаудың алаң­­­дарындағы мәдени-көпшілік ша­раларға қатысуға мүмкін­дігім болмады. Әйткенмен, күні бойы теледидар алды­нан тапжылмай, Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев­тың құттықтауын тың­дап, жал­пы­халықтық қуа­ныш­қа ортақ­та­сып, мерейім өсіп отыр­ған еді. Бір кезде экран ал­ды­на респуб­ликамыздың Бас про­­куроры Асхат Дауылбаев шы­ғып, Маңғыс­тау облысын­дағы Жаңа­өзен қа­ласындағы басбұзар­лық оқиға ту­ралы мәлімет жаса­ғанда тө­бем­нен жай түскендей болды.

Міне, сол күннен бастап бар­ша­мыз алыстағы қаладағы аға­йындарымыздың хал-жағдай, тұр­мысына алаңдаумен отыр­мыз. Осындайда Елбасымыздың орын алған оқиғаны жасырмай, ашық айтып отырғанына риза­мыз. 17 жел­тоқсанның кешінде Жа­ңа­өзенде 20 күндік төтен­ше жағ­дай жария­лан­ға­нын хабарла­ды. Мәсе­ле­нің экономикалық қай­шы­лық­тарға қатысты­лы­ғы да ай­тылып жатыр. Бі­рақ, ең өкі­ніштісі, кешірілмейтін салдары Тәуел­сіз­ді­гі­міздің салтанатты 20 жыл­ды­ғының шырқы бұзыл­ға­нында деп білемін. Мұны ақтауға болмайды.

Мен сонау елуінші жылдар­дың басында КазМУ-дің жолда­ма­­сы­­мен Батыс өлкеде қызме­тім­ді бастаған едім. Бұл тарихы да, тағылымы да мол өлке. Осында көптеген азаматтармен таны­сып, ағайын-туыстай бауырла­сып кеткенбіз. Елдің даң­қын асырған Маң­ғыстау жаңа Қа­зақ­станның мақтанышы десек, ар­тықтығы жоқ. Мұ­н­ы айтып отыр­ға­н­ым, жал­пақ елге к­үйе жа­ғуға бол­май­тын­дығы. Кісі сана­сы­на сый­май­тын бас­бұзар­лық­ты бас­­­та­ған­дар­дың көзде­гені дү­­ние­қо­ңыз­дық деп білемін. Оны­­мен улан­ған­­дар­дан ба­йып, са­быр қаша­ды. Дү­кендер, банктер, қо­ғам­дық және тұрғын үйлердің то­налуы соның айғағы. Он адам ойда-жоқта көз жұмып, сексеннен астам кісі ауыр жарақат­та­нып­ты. Жаңа­жыл­дық шыршаны былай қой­­ғанда, киіз үй мен сах­наның қира­тылуы на­ғыз қасиет­сіздік емес пе? Бұза­қы­­лар­дың бейбіт халыққа, өз жер­лестеріне оқпен атылатын және суық қару­ларды қолдан­ға­ны жүрек суытар сұмдық.

Президентіміз айтқандай, бұл төтенше оқиғаның тиісті бағасы берілетіні даусыз. «Өзенмұ­най­газ» ком­паниясының басшысы мереке күнгі басбұзарлыққа қаты­сымыз жоқ деп отыр. Мемлекеттік комиссия оның да анық-қанығын айқын­дайтыны белгілі. Біздің түсінігі­міз­де, Жаңаөзен Қа­зақстан тәуелсіздігі жылдарында өсіп-өркендеген шы­рай­лы шаһар. Мұнда кешегі дағ­дарысты жыл­дар­дың өзінде көпте­ген әлеу­мет­тік нысандар, жаңа дәуір кәсіп­орын­дары салынды. Осы жерде даңқты жылна­мамыздың айтулы беттері қатталған десек те бола­ды. Сондықтан, жазықсыз халық­тың ынтымақ-берекесі тарқа­ма­сын, ал даңқымызға дақ түсір­ген­дер тиісті заңдар шеңберінде қа­таң жаза­лануы қажет деп санаймын.

Баян НҰРПЕЙІСОВ, зейнеткер.

Көкшетау.