• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Кеңесте кеңдік көп

368 рет
көрсетілді

Өмір болған соң сүйініші де, күйініші де болары талассыз заң­дылық.Тәуелсіздік жыл­д­а­рын­­да қиындықтар аз кездеспе­гендігі белгілі. Алайда солардың бәрінен де Жаңаөзендегі оқиға жаны­мыз­ға аса батып, қатты қамық­тыр­ға­нын ашып айтпасқа болмайды. Бүкіл халқымызға ортақ мерейлі мереке шырқын бұзып, шектен шыққан тәртіпсіздікке ұласқан әрекет жүрегімізге инедей қадал­ғанын қалайша бүгерсің. Қылауы­мыз­ға қыл түспеген бірлік пен татулыққа ауыр жара салған басбұзарлық көңі­лімізді сыздатты. Өндіріс орнымен арадағы еңбек дау-шарына үш қай­наса сорпасы қосылмайтын мұндай өрескел қылықтың аяқ астынан орын алуы қинады бәрімізді.

Жасыратыны жоқ, біздің ай­мақ­та да жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілер ара­сын­да еңбекақыға бай­ла­нысты даулы мә­се­лелер жоқ емес. Мәселен, темір­тау­лық металлургтер «Арселор Миттал Теміртау» ком­па­ния­сы тарапынан оны көтеру жөнін­де талаптар қойып отыр­ғанын, ол ком­бинаттағы кәсіподақ ұйымы арқылы кәсіпорын басшылығына мәлім етіліп, келіссөздер жүргізіліп жатқанын білеміз. Екіжақты түсініс­тік әңгіме таяу арада еңбеккерлер мүддесіне сай шешім табуға тиіс. «Кеңесте кеңдік көп» дегендей, дөңгелек үстел басындағы байыпты кеңес осындай нәтижеге әсер етпек. Айта кету керек, жоғарыда аталған оқиғаға орай қабылданған металлургтер мәлім­де­сінде еңбек кикілжіңінің тек келіс­сөз­дер арқылы шешілуі керектігі атал­ды. Мен жетекшілік ететін ш­а­руа­шы­лықта еңбек етушілердің де өкпе-ре­ніш­тері болмай тұрмайды. Үлкеніміз болсын, кішіміз болсын сыйластыққа сына қақпауға сабыр сақтап, кеңінен ақылдасып, занның шеңберінде мәмі­леге келуге тоқталамыз.

Орын алған оқиға қоғамымызға, хал­қы­мыздың табиғатына жат әрекет бар­ша­мызды ойландырарлық жайт. Ты­ныш­тық, бірлік, түсіністік береке­міз­дің кепілі, дамуымыздың негізі еке­нін әсіресе, әлі ақыл тоқтата қой­маған жас­тар жүрегіне берік тұтқаны ләзім. Өз­ге­лер қызығар, қызғанар бү­гінгі тұр­мы­сымыздың қадірін қас­тер­лей білейік.

Қанат ОТАРБАЕВ, «Отқанжар» ЖШС жетекшісі.

Қарағанды облысы, Нұра ауданы.