• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Аға ұрпақ атынан айтамын

226 рет
көрсетілді

Мен Ұлы Отан соғысына қа­ты­сып, от пен оқтың ортасында та­лай рет өлім ауызынан аман қал­ған адаммын. Жиырма жыл­дай облыстың ардагерлер кеңесін басқардым. Жасым сексеннің сең­гіріне келсе де жұмыстан қол үз­бедім. Соңғы бір-екі жылда ауыр сырқат тап болды. Мойындадым, бір аяқты кесуге тура келді. Бәрі сәтті болды. Қатарға қосылып келемін. Шіркін-ай, осындай сәт­тер­де солар үшін ештеңені аяма­ған кейбір жас ұрпақтарымыздың қылықтары қынжылтады. Бүкіл әлем алдында ұят болатындай жағдайға тап болдық. Халқымыз ата-баба арманы тәуелсіздікке қол жеткізіп шат-шадыман өмір сүріп жатқанда мұндай келеңсіздікке, бұзақылыққа бару барып тұрған ақымақтық. Ақылсыздық. Кейбір жастардың сана-сезімінің таяз­ды­ғы. Сондықтан ондайлар тиісті жа­засын алуы керек. Өркен жа­йып өсіп, қарышты қарқынмен дамыған елімізді көре алмай­тын­дардың бар екенін бәріміз де білуіміз керек. Қара ниетті адам­дар­дың алдап-арбауына түспеуді ойлау қажет. Бұл ретте Елба­сы­ның бейбіт халықтың қауіпсіз­ді­гін сақтау үшін Жаңаөзен ау­ма­ғында төтенше жағдай жариялауы өте дұрыс болды. Бұл әрі тыныш­тық­ты сақтауға, әрі бұзақы­лық­тарды іздеп-тауып, тиісті жазаға тартуға мүмкіндік беретін шара. Алдағы уақытта да қарапайым ха­лық зардап шекпеуі үшін барша­мыз­ да қырағы болайық.

 Т.ИГІЛІКОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері.

ЖАҢАӨЗЕН.